Сапарбаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

0 0
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады , — деп хабарлайды «ZhambylNews” АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы билік пен бұқараның алтын
көпіріне айналған БАҚ өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап,
коронавирус инфекциясымен күрес кезеңінде тұрғындарға қажетті ақпаратты
дер кезінде жеткізіп белсенді жұмыс атқарып келе жатқан журналистерге
алғысын білдірді.
Жиында жыл бойы нәтижелі еңбек етіп, ақпарат алаңында айрықша белсенділік танытқан журналистер облыс әкімінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен» және облыстық мәслихаттың «Құрмет грамотасымен» марапатталып, көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.