Сарысу ауданында тоғандарды бекіту жұмыстары жүргізілуде

0
61

Сарысу ауданында бұзылып кеткен тоғандар қайта бекітіле бастады. Бұл жұмысқа  аудан әкімі бастамашы болуда, -деп жазады «Zhambylnews» АА.

Ауданға қарасты Тоғызкент, Досбол, Жаңаталап, Игілік, Жайылма ауылдық округтеріндегі жайылымдық, шабындық жерлеріне Талас өзенінің суын жеткізу мақсатында  арнайы жұмыстар жүргізілуде. Қазір Талас ауданы, Үшарал ауылының аумағына қарай бұзылып кеткен тоғанды бекіту жұмыстары ұйымдастырылды.

Онда аталған округтерден 50 адам жұмылдырылып, 1 трактор (погрузщик), 2000  қап құм  жұмсалды.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here