Генрик Сенкевич. Әйелді сүю

0 12

Жалпы алғанда егер күйеудің өзі әйелін бұзбаса, сезімін лайлап, жүрегін таптап кетпесе, өзінің бейшаралығымен, өзімшілдігімен, шектеулі ергежейлі санасымен, ұсақтыққа бейім жырынды жанымен онв кері ысырып, көңілін қалдырмаса, әйел заты оңайлықпен ешқашан күйеуін алдап, көзіне шөп салмайды. 

Әйелді сүю керек! Ол сен үшін тек ұрғашы ғана емес, қымбат жан екенін түсінсін. Сенің балаң секілді, жан досың екенін сезінсін. Әрдайым құшақтап жүр. Жаурамасын. Жан жылуыңмен бөліс. Сонда көңілі көншиді. Жыл өткен сайын саған жақынырақ болады. Ақырында бір-біріне кірігіп кеткендерің сонша, бір-біріңді егіздей сезінетін, қас-қабақтай түсінісетін боласыңдар. Жылуыңды сезінбесе, оның жанына жара салсаң, кері итерсең — ол сенен кетіп тынады. Сенен гөрі лайықтырақ өзгенің қол созғанын көргенде кетіп қалады. Өйткені, әйелге сыйластық пен нәзіктік ауадай қажет. 

Аударған Шынар Әбілдә

Leave A Reply

Your email address will not be published.