Директор мұғалімді жұмыстан шығарса…

0 120

Мұғалім жұмысқа кірерде еңбек шарты жасалады. Еңбек шарты жыл сайын жасалмайды. Бір мектепте бір-ақ рет жасалады. Егер біреудің орынына уақытша кірген болмасаңыз.

Жұмыс беруші еңбек шартына сынақ мерзімін қосуы мүмкін. Еңбек кодексінің 36- бабында көрсетілген.

Сынақ мерзімі 3 айдан аспауы керек.

Директор сынақ мерзімінен өтпегеніңіз үшін еңбек шартын бұзып, сізді жұмыстан шығарғысы келсе, дәлелді себептермен сіздің жұмысыңыздың теріс нәтижесін жазба түрде хабарлап отыруы керек. Егер ондай хабарлама 3 айға дейін келмесе, сіз сынақ мерзімінен өткен болып саналасыз.

Әріптестер! Директор қалаған адамын,қалаған уақытында жұмыстан шығара алмайды.Заң бар. Тек қана сіз еңбек шартында көрсетілген, білім заңында көрсетілген,еңбек кодексінде көрсетілген міндеттеріңізді орындамаған жағдайда ғана жұмыстан шығара алады.

Егер директор өз еркіңізбен арыз жазып, жұмыстан кетуіңізді сұраса, арыз жазбаңыз. Өз еркіңізбен арыз жазсаңыз, сізді ешкім қорғап, сізге ешкім көмектесе алмайды.

Есіңізде болсын! Егер директордың сізді жұмыстан шығара алатындай мүмкіндігі болса, сізден өз еркіңізбен арыз жазуыңызды сұрамас еді.

Сізді жұмыстан шығара алатындай заңды мүмкіндігі болмағандықтан өз еркіңізбен арыз жазуыңызды сұрап отыр.

Егер директор заңсыз тәртіптік шаралар берсе немесе жұмыстан шығарса, еңбек кодексінде көрсетілген тәртіппен бірінші мектептегі келісім комиссиясына ,әрі қарай сотқа арыздана аласыз.

(«Арандатып отыр,»- дейтіндер бар екен. Сотқа беруге құқылы екеніміз заңда жазылған.

Еңбек кодексінің 22-бабының 16- тармағы)
АЙМАН САҒИДУЛЛА

Leave A Reply

Your email address will not be published.