Талас ауданында Азия чемпионатының қола жүлде иегерлерімен кездесу өтті

0 1

Талас ауданы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сінің ұйымдастыруымен BILIM ORTALYGYNDA 2019 жылдың 17-18 тамыз күндері аралығында қазақ күресінен Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен ересектер арасында Азия чемпионатында қола жүлде иеленген жерлестеріміз Бескемпір Айдар және Рысбай Аянмен кездесу өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған кездесуге аудан әкімінің орынбасары Қадірбек Рысқұлбекұлы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Пернебек Оспанұлы және зиялы қауым өкілдерімен бірге белсенді жастар қатысты. Бірінші сөз аудан әкімінң орынбасары Қадірбек Рысқұлбекұлына тиді. Өз кезегінде Қ.Рысқұлбекұлы жас спортшыларды жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық мансабына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында П.Оспанұлы және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Н.Жексенбекұлы спортшыларды ақ тілектерін жаудырды. Шара соңында Қ.Рысқұлбекұлы палуандарға арнайы естелік сыйлық табыстап, аудан әкімі Досмаханбет Қасымұлының ыстық сәлемін жеткізе отырып, алғыс хатпен марапаттады. Жеңімпаздар өз кезегінде аудан әкімінің орынбасарына алғыстарын айтып, алда тағыда жеңістерімен куантатынын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.