Абель Санчес “Канелоны” ең мықты боксшы деп атады

0
139

Танымал бапкер Абель Санчес мексикалық Сауль “Канело” Альварес (53-1-2, 36 КО) неге ең мықты боксшы екені түсідірді, – деп хабарлайды Badlefthook.com.

“Альварестің тізіміне қараңыз. Ол ешкім жұдырықтасқысы келмеген боксшылармен жекпе-жек өткізді. Бірақ менің ашуымды келтіретін не екенін білесіздер ме? Кейбір хейтерлердің Ковалевті бірден “сүмелек” қылып тастағаны. Жекпе-жектен көргенімнен көңілім қалды. Нақты айтқанда ресейліктің менің залымда үйренген және өзіне лайықты “Крашер” стилінен бас тартқаны. Неге олай еткендерін түсінбедім. Олар айтпақшы Ковалев ешқашанда ақылды, техникасы мен есебі мықты боксшы болған емес“, – дейді Санчес.

Еске салайық, Ковалев бір кездері Санчестің қол астында жаттықан. Алайда ресейлік бұл бапкерден бас тартып, оны “бокс тәжірибесі жоқ, ісін үстірт қана білетін адам” деген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here