Алматыда өтіп жатқан Central Asia Fintech Summit самитінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Алатауда криптоқала тұжырымдамасы қолданылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, жоба елдің цифрлық активтер индустриясын дамыту үшін жасалмақ. Мәселе Алатау әкімшілігімен талқыланған.
Криптоқала тұжырымдамасы цифрлық шешімдерді енгізумен шектелмейтінін айтады. Сөзінше, криптовалюта мен блокчейн қаланың барлық саласында болады екен.
— Алатау қаласы тек даму, инвестициялар тарту және нақты сектордағы жаңа технологияларды дамыту емес, криптоиндустрияның әлеуетін көрсете алуы тиіс, — деді Тимур Сүлейменов.
Сүлейменов цифрлық активтер нарығын тұтастай дамыту мәселесін талқылады. 1 мамырдан бастап Қазақстанның жалпы юрисдикциясында осы сектор үшін толыққанды реттеуші режим қолданыста болды.
— Криптовалютадан бастап токенделген активтерге дейінгі барлық сандық қаржы активі реттеледі. Лицензияланған провайдерлер мен крипто биржалары қазірдің өзінде бар, — деді Ұлттық банк басшысы.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, KASE сандық активтерді шығару және сату инфрақұрылымын, ал Орталық депозитарий сақтау жүйесін дамытып жатыр.
Банктер мен қаржы институттары да реттелетін крипто-фиат арналарын дамытып жүр.
Еске салсақ, Алатау Орталық Азиядағы алғашқы толық интеграцияланған цифрлық шаһар болатыны хабарланды.