Алдағы үш күнде Қазақстанда 6°С-қа дейін суытады

0 37

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 3–5 қазанға Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміде ауа райы күрт өзгереді.

— Қыркүйек айының соңындағы жылы күзгі күндердің орнына Қазақстан аумағына қуатты Солтүстік циклонның келуіне байланысты ауа райы күрт суытып, қолайсыз сипатқа ауысады. Ауа райы тұрақсыз болады: республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Кезеңнің соңына қарай еліміздің солтүстігінде түнгі уақытта қар, көктайғақ және жаяу бұрқасын болжанады. Тек оңтүстік пен шығыс өңірлерде жаңбыр жауады. Еліміздің батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, — делінген хабарламада.

Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -1-ден -6°С-қа дейін төмендейді.

Күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында ауа температурасы 0, +5°С-қа дейін, шығыста +7+12°С-қа дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +10+15°С-қа дейін, таулы аудандарда 0, +5°С-қа дейін төмендейді.

Еліміздің батысында ауа температурасы +10+18°С-қа дейін жоғарылайды.

Бұған дейін Қазақстанда күз жылы әрі құбылмалы болады деп болжанып отырғанын жазған едік

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.