Жамбыл облысында 6 айдың көлемінде 1600 неке бұзылған

0 5

Жамбыл облысында былтыр 3280, ал осы жылдың 6 айында 1600 неке бұзылған. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған орай, сот өкілдері мен өңірге белгілі азаматтар қоғамдағы дау-дамайды азайту мақсатында бас қосып, ел ішіндегі дау-дамай деңгейін төмендету мәселелерін талқылады. Олар «Татуласу: сотқа дейін, сот кезінде» жобасын жүзеге асыруға қатысты өз ойларын ортаға салып, аталған мәселе бойынша ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Сонымен қатар, жиын барысында Республика бойынша соттан тыс құрылған татуласу орталықтары мен медиация жайы да сөз болды.

Сағатбек Сүлеймен, Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі:

— Біріншісі үгіт-насихат жүргізу, екіншісі жаңа орталықтар ашып, ол орталықтарда білікті мамандар, медиаторлар бар, ақсақалдар бар, психологтардың көмегімен халыққа тегін кешенді сапалы қызмет көрсету, үшіншісі билер институтын қайта жаңғырту.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.