Жамбыл облысында ЖД-158/1 мекемесінде салтанатты жиын өтті

0 19

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/1 мекемесінде мерейлі мерекелерге орайластырып салтанатты жиын өтіп, жыл қорытындыланды,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңірдегі тергеу изоляторы үшін биылғы жыл игілікке толы болды. Кадр мәселесі жақсарып, біршама жас мамандармен толықты. Қызметкерлер жұмыспен қатар жүйенің қоғамдық жұмыстарына етене араласып, ауыз толтырып айтар жетістіктер де аз болған жоқ. Сақшыларымыз кәсіби білімі мен білігін байқатып, жауынгерлік дайындық тұрғысынан да машықтанған екендіктерін дәлелдей алды. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы  мінсіз қызмет  етіп, өз ісіне асқан жауапкершілік танытқандар мен мекеменің қоғамдық жұмысына етене араласып, абыройын асырған 23 қызметкер марапатқа ие болды. Мұнан өзге, бұған дейін тәртіптік жазаға тартылып, кейін қателегін түзеткен 4 бірдей шендінің жазасы алып тасталынды.

Жиын барысында жылдар бойы атқарылған жұмыс, тындырылған тірліктер сараланып, алдағы межелі жоспар тілге тиек етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.