Облыстың медицина ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтері үшін 39 млрд. теңгеден астам қаржы төленді
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теңге төледі. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
«Биылғы жылдың 10 желтоқсандағы мәліметке сүйенсек, жалпы Қазақстан бойынша Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 662,4, млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 83% пайызын құрайды. Жамбыл облысы бойынша Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 39,0, млрд теңге төленіп, бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 84,9 пайызын құрады», — деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Мавлюда Бокаева.
«Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр, бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», — деді М. Бокаева.
Бүгінгі таңда жалпы Қазақстан бойынша Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша 1375 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 642-і – жеке меншік. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 171-ге артқан.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысында 87 медицина ұйымдары қордың жеткізушілері болып табылады, оның 47-і жекеменшік. Қордың барлық жеткізушілер тізімін fms.kz сайтында «Клиниканы таңдау» бөлімінен алуға болады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы