Жуалыда мониторингтік топ бірқатар нысандарды аралады

0 0

ZHAMBYLNEWS — Аты жаман коронавирустық инфекцияның алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері ауданға қарасты Теріс және Көктөбе ауылдарына барып, ондағы мектептер мен дүкендердегі сақтық шараларының сақталуын назарға алды.

Аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова бастаған шұғыл топ мүшелері, Теріс ауылындағы №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектепке, «Арайлым» азық-түлік дүкеніне және Көктөбе ауылындағы №30 Көктөбе орта мектебіне, сонымен қатар «Айару», «Аян», «Нұран» азық-түлік дүкендеріне атбасын бұрып, кәсіпкерлік иелерімен тілдесіп, тұтынушыларды медициналық бетпердесіз қабылдамау керегін баса айтты.

Сонымен қатар, арақашықтықты сақтау және кіре берісте антисептикті қолдануды қадағалау, одан бөлек «Ashyq» мобильді қосымшасымен азаматтардың кіріп-шығуын бақылауға алуын және санитарлық талаптардың қатаң сақталуына жауапты екенін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.