Т.Рысқұлов ауданында қыздар арасында волейболдан аудандық іріктеу өтті

0 4

ZHAMBYLNEWS — Ел Тәуелсіздігігің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Құлан ауылындағы спортттық сауықтыру кешенінде 2005-2007 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында волейболдан аудандық іріктеу жарысы өтті.

Жарысқа аймақтардан іріктеліп 8 команда қатысып, 70-тен аса жас спортшылар өзара бақ сынады.

Сайыс барысында  қатысушылар өздерінің шеберліктерін дәлелдеп, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті.

Жарыс нәтижесінде l орынды А.Байтұрсынов атындағы мектебі, ll-орынды №1 лицей мектебі және lll-орынды №5 шағын орталықты орта мектебі иеленді.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған түрлі дәрежедегі медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Айта кетейік, алдағы уақытта чемпион атанған команда облыстық жарыс
та ауданның намысын қорғайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.