Шу ауданындағы ашық базарлар жабық үлгідегі нысандарға көшіріле бастады

0 1

Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров Шу қаласындағы орталық «Сауда сервис» базарын аралады. Мұндағы ашық базарлар жабық үлгідегі нысандарға көшіріле бастаған. Қазірдің өзінде 1000 жуық кәсіпкер жабық үлгідегі жаңа нысандарға көшірілген, — деп жазады ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұл жұмыстар 2023 жылдың соңына дейін аяқталатын болады.

— Сауда орындары халықтың көп баратын жері. Онда ақша әрі тауар айналымы қызу жүреді. Сондықтан да мұндағы сатушылар мен тұтынушылар үшін санитарлық нормалар мен ​ қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің маңызы зор. Халыққа қызмет ететін кез келген заңды тұлға өзі иелік ететін кәсіпкерлік нысанын мұнтаздай етіп тазалап, жан-жағын абаттандыруы​ керек, — деді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.