Талас ауданында ұлғатты ұстаздар бас қосты

0 4

Елімізде қазан айының алғашқы жексенбісі – мұғалімдер күні. Осыған орай Қаратау қаласындағы «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығында ұстаздар бас қосты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Ұлағатты ұстаздарды құттықтау Талас аудандық мәслихатының хатшысы Қадірбек Садубаев пен аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаевқа тапсырылды.

Ұстаздар күні – бұл орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлық мереке. Қай заманда, қай қоғамда болмасын, балаға тәрбие беріп, оны оқыту – ең ұлы мұрат, ұлағатты іс болмақ.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, асыл қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше.

Бүгінде мемлекет білім сапасының әлемдік стандартқа сәйкес келетін алдыңғы позицияға шығуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Педагогтардың айлық жалақысын кезең – кезеңімен 25% -ға өсіріп, «Мұғалім мәртебесі» Заңы қолданысқа енуі де ұстаздарға деген құрметті білдірсе керек – ті. Осыған орай, білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік жүктеледі.

Аудандағы бөбекжай бақшалар мен мектептердің білім сапасы мен оқу базасы да жылдан–жылға дамып келеді. Аудандағы 35 мектептегі 1403 педагог пен 42 мектепке дейінгі мекемелердегі 460 педагог өз міндеттерін жауапкершілікпен түсініп, жас ұрпақтың келешегі жолында аянбай тер төгуде.

Сондай–ақ өткен оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша білім сапасының деңгейі 73,6 баллды (алдыңғысы 68,5 балл болатын) көрсетті. Осы жетістіктердің бәрі, ұстаздар қауымы еңбектерінің жарқын көрінісі.

Жиын соңында қос басшы қадірлі ұлы мамандық иелеріне ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектері үшін шын жүректен алғыс айтып, «Құрмет» грамоталары, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.