Жамбыл ауданында ардагерге көңілді кеш ұйымдастырылды

0 8

ZHAMBYLNEWS — Ел азаматтары сонау қасіретті жылдары тұтанған алаудың сөнгеніне 76 жыл өтсе де, әлі күнге дейін қыршыннан қиылған боздақтарын есінен бір сәтке де шығарған жоқ. Бүгінде Жамбыл ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығының куәгері болған Ұлы Отан соғысының ардагері Қасен ата Шанбаев қана қалып отқаны көңілге қаяу ұялатады екен. Жасы тоқсанның тоғызына аяқ басқан ердің есінде бәрі бар. Ал аудан жұртшылығының отқа кеудесін тосқан ардагерге деген ықыласы тым бөлек. 1 қазан – Халықаралық қарттар күні қарсаңында аудан әкімі Сәкен Арубаев ардагерді құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Бұл жолғы құттықтаудың өзгешелігі — ардагердің үйіне аудан өнерпаздары сонау зұлматты жылдарды еске түсіретін әуендерді кемеліне келтіре шырқап, қарияның көңілін көтертті.

Аудан басшысы ардагерді осы кешті арнайы ұйымдастырылғанын айтып, сый-құрмет көрсетті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.