Жамбыл облысында мал басы және ет өндірісі артқан

0 2

Облыстағы мүйізді ірі қара — 9,8, қой мен ешкі — 6,3, жылқы — 9,7, құс саны — 6,3 пайызға артқан. Мал басының супермен ет өндірісі — 4, сүт өндірісі — 1,4, жұмыртқа өндірісі — 3,3, пайызға жоғарылаған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, өнімділігін және өнім сапасын арттыруды жүзеге асыру мақсатында бөлінген субсидияға 1082 шаруашылық ие болды. Соның арқасында облыстағы мүйізді ірі қара — 9,8, қой мен ешкі — 6,3 (3,5 млн. бас), жылқы — 9,7 (163,7 мың бас), құс саны — 6,3 пайызға артқан (1,8 млн. бас).- Мал басының өсуімен ет өндірісі — 4, сүт өндірісі — 1,4 пайызға жоғарылап, жұмыртқа өндірісі — 3,3, пайызға артты. Сондай-ақ мал басының артуы ет экспортының жоғарлауына да өз септігін тигізуде. Атап айтсақ, жыл басынан бері 3,1 мың тонна ет экспортталса, оның 2,7 мың тоннасы сиыр, 194 тоннсы қой, 161 тоннасы құс еті, — дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов.

Сонымен бірге, ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 5 мың бас мүйізді ірі қара,50 мың бас қой сатып алу жоспарланса, бүгінгі таңда 266 бас мүйізді ірі қара, 13 122 бас қой сатып алынды.

Ағымдағы жылдың басынан бері тұқымдық түрлендіру үрдісіне қатысқан мал саны ИАС-та (информациялық-аналитикалық система) 69314 бас сиырды құрап, жоспардың орындалуы 68,4 пайызды құрады.

«Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 2,5 миллиард теңге (оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы — 1,7 млрд. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы — 750 млн. теңге) бөлініп, 566 адамға несие беру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 467 адамға, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 113 адамға 2,2 миллиард теңге несие беріліп, қаржының 88,9 пайызы игерілді. Нәтижесінде 1 860 бас мүйізді ірі қара, 13 562 бас ұсақ мал және 1 646 бас жылқы сатып алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.