Қасиетті Айшабибі өңіріне биыл қомақты қаражат қарастырылып, жұртшылыққа қолайлы орта қалыптастырылуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл ауданы әкімі Сәкен Арубаевтың жыл қорытындысы бойынша 2 ақпан күні өткен кездесуінде ауыл азаматтары шешімін таппай жүрген сауалдарын жолдаған.
Ауылдық Мәдениет үйінде өткен жиында Айшабибі орта мектебінің директоры Бахыт Шертаева: » Ауылда республикалық маңызы бар Жібек жолы көшесі орналасқан. Ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары жол жегінде жаяу жүргіншілерге арналған тратуардың жоқтығынан жол жиегімен жүреді. Осы жайтқа назар аударуыңызды сұраймыз, — деп сауалын жолдаған болатын.
Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда екенін айтып, ағымдағы жылы жұмыстар тиянағын табатынын тап басып айтқан болатын.
«Бүгінде Жібек жолы көшесіне ұзындығы 2 шақырымды, ені 1 метр 30 см құрайтын жол жегі толықтай асфальттануда. Айя-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған игілікке 27 млн теңге қаралып, бүгінде жұмыс толықтай аяқталды«,- дейді ауыл әкімі Дәрмен Дәулетов.
«Сөзден — іске» демекші, ауыл азаматтарының ұсыныс-пікірі орындалып жатқаны жергілікті билікке деген сенімнің арта түсетініне өз септігін тигізетіні сөзсіз.