Жуалы ауданындағы биыл «екінші нан» алқабының көлемі 2 660 гектарға ұлғайтылып отыр 

0 2

Жуалы ауданындағы ауыл шаруашылығының басым дақылдарының біріне жататын картоп 2020 жылы 2 560 гектарға егілсе, тиісінше, биыл «екінші нан» алқабының көлемі 2 660 гектарға ұлғайтылып отыр  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Диқан қауымы жоғары репродукциялы картоп тұқымдарын егіп, жыл сайын егіс алқабының белгілі бір көлемін жаңалап отырады. Осы мақсатта биыл ерте көктемде Қарағанды облысынан 944 тонна, Қостанай облысынан 560 тонна, Ресейден 700 тоннадай элиталы және І, ІІ репродукциялы картоп тұқымдары ауданға әкелінген болатын. Жаңа тұқымды Жуалының қара топырағы жатсынбай қабылдады. Элиталы картоп тұқымы біздің жерімізге алғаш егілгеннен болар, шаруалар биылғы өнімнің ойдағыдай болмағанын айтуда.

Сонымен қатар, аудан шаруалары ауа райы мен жергілікті топыраққа бейімделген өз өнімдерінің де тұқымдарын егіп, одан мол өнімге қол жеткізді. Үстіміздегі жылы шаруалар агротехникалық шараларды сақтай отырып егілген алқаптардан 64 мың тоннаның көлемінде өнім жинаймыз деп үміттенуде. Жыл сайын жуалылық диқандар елордасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз қалалары және аудан орталығында ұйымдастырылатын жәрмеңкелерге белсене қатысып, картопты нарық бағасынан 20-30 пайыз төмен бағада саудалап, өңір тұрғындарын Жуалы жерінде өсірілген экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуде.

Биыл 10 шаруашылық «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы 144 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, Қарағанды облысындағы «Астра Агро» элиталы тұқым шаруашылығынан 116 тонна элиталы, 385 тонна І репродукциялы картоп тұқымдарын сатып алды. Аталған шаруашылықтар келесі жылға өздерін тұқыммен қамтамасыз етумен қатар, алдағы жылдары да «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы несие алып, сапалы тұқым сатып алуға ниет білдіріп отыр. Ал аудан көлемінде картоп дақылын еккен 144 шаруашылық агротехникалық шараларды сақтай отыра алынған өнімдерін жәрмеңкелерге шығарып өткеруде.

Тағы бір айта кетерлігі, бұрнағы жылы ауданда картоп өндірісін дамыту мақсатында «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы 116 миллион теңге қаржыға 50 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның 15-і жаңа LOVOL-904 тракторлары. Бүгінде аталған техникалар науқанды жұмыстарға қатысып, өз нәтижелерін беруде. Жаңа техникалар алушыларға «ҚазАгроҚаржы» АҚ, және «Тараз» ӘКК» АҚ қаржы институттары қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Сонымен қатар, Үкіметтік қолдау, яғни инвестсубсидия арқылы шаруашылықтар 50 пайыздық жеңілдікке ие бола алады. Жалпы биыл «Жуалы» несие серіктестігі, «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы және «КазАгроҚаржы» АҚ-на құжаттарын тапсырып, 966 мллион теңгеге 134 ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Оның ішінде 50 трактор, 83 басқа да техникалар, бір астық комбайны бар. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.