Жуалы ауданы  бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрғандар саны 3 224 адамнан асып отыр

0 11

Қазіргі таңда Жуалы ауданы  бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекте тұрғандардың жалпы саны 2019 жылы 2 508 азамат болса, биылғы жылдың қыркүйек айына 3 224 адамнан асып отыр , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кезекте тұрған азаматтарға берілетін жер телімдерін арттыру мақсатында бас жоспарларға сәйкес арнайы «2021-2023 жылға дейінгі дамыту картасы» әзірленген. Одан бөлек, Б.Момышұлы ауылындағы «Көктөбе» жаңа тұрғын алқабынан жер телімін алуға кезекте тұрған 170 азаматтың жер телімдерінің басты сызбалары бекітіліп, орналасу сызбалары берілген. Бұл аудан тұрғындары үшін үлкен жаңалық болып отыр. Себебі, 2007 жылдан кейін жер телімдері енді-енді беріліп жатыр.

Аудандағы Көкбастау ауылдық округіне қарасты Теріс ауылындағы жаңа тұрғын алқабынан 61 жер телімі мен Қосбөлтек ауылынан 62 жер телімі және Нұрлыкент ауылынан 63 жер телімі инженерлік инфрақұрылымның электр жүйесімен қамтамасыз етілген. Ендігі кезекте осы алқаптарды ауыз су жүйесі және газбен жүйелерімен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 110 440,0 мың теңгеге қаржы бөлуіне бюджеттік өтінім беріліп отыр. Биылғы жылдың тоғыз айына дейін аудан бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер телімі кезегі жоқ елді мекендерден және бас жоспарға сәйкес 64 жер телімінің сызба жұмыстары жүргізіліп, аудандық жер комиссиясының қарауына ұсынылған болатын. Оның ішінде, жергілікті әкімшіліктің шешімімен 30 жер телімі берілген. Сондай-ақ, ауданның жеке тұрғын үй құрылысын 2023 жылға дейін дамыту картасына сәйкес, жалпы алаңы 86,7 гектар жер телімдерінің жаңа тұрғын алқаптарына газ және ауыз сумен қамтамасыз етуге арнайы өтінімдер берілген.

Аудандағы жер телімдерін беру мәселесімен қатар қозғалатын мәселенің бірі кезекте тұрғандарға тұрғын үй беру мәселесі болатын. Бүгінгі таңда бұл мәселе де өз шешімін тапқалы отыр. Осы мақсатта жақында Б.Момышұлы ауылынан үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталды. Халықты баспанамен толықтай қамтамасыз ету үшін  көпқабатты тұрғын үйлердің саны алдағы жылдары да көбейеді деген үміттеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.