Жуалы ауданында мал азығы дақылдары 35 190 гектарда орналасқан. Оның ішінде өткен жылдардағы көп жылдық шөп 28 470 гектарды, егілген таза жоңышқа 3705 гектар және басқа да дақылдармен араластырылып 1300 гектар, сүрлемдік жүгері 750 гектар және 2270 гектары табиғи шөптер , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ауданда шөп ору науқаны барлық ауылдық округтерде атқарылып, бірінші кезекте шаруалар тарапынан пішендеме дайындау басталып, 28 470 гектар көп жылдық шөптер орылып, дайындалғаны пішен – 150 300 тонна, пішендеме – 12 000 тонна және сабан – 41 800 тонна. Пішендеме дайындау барысында Жетітөбе ауылдық округінен «Қоңыртөбе» шаруа қожалығы 520 тонна, «Береке-3» шаруа қожалығы – 630 тонна, «Қожаберген» шаруа қожалығы – 470 тонна, «Ержан» шаруа қожалығы – 700 тонна, «Дархан» шаруа қожалығы – 450 тонна, «Алатау» шаруа қожалығы – 300 тонна пішендеме бастырды.
Ауданда сапалы мал азығын дайындау ісімен (оның ішінде сенаж, силос) бойынша жеке қосалқы шаруашылықтар айналысуда. Әр ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, мал азығын дайындайтын қажетті техникалармен қамтамасыз ету үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на құжаттары өткізіліп, бүгінгі күнге «Жуалы-2020» кооперативі 1-LOBOL маркалы тракторын және сүрлемдік жүгері егетін КДП-3000 агрегаты алынды. Жетіспейтін мал жайылымын шешудің бірден бір жолы сапалы мал азығын дайындау. Сүрлем пішендеме (сенаж, силос) дайындау мал басының көбеюіне және сүт, ет өнімдерін көбейтуге де әсерін тигізеді. Осы тұрғыда биыл бес кооператив тарапынан 127 гектар жүгері дақылдары егілді. Агротехникалық шараларды сақтай отыра АӨК «Бақдаулет» – 210 тонна, АӨК «Ақсай-2016» — 425 тонна, АӨК «Сұлтанова» — 400 тонна, АӨК «Мол Даму» — 815 тонна, АӨК «Атамекен Бастау» — 700 тонна, «Ақтөбе» АӨК шаруашылықтары – 110 тонна сүрлемдік жүгері дайындады. «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы бүгінгі күнге «Жуалы-2020» кооперативі 1-LOBOL маркалы тракторын және сүрлемдік жүгері егетін тұқым сепкіш және оны жинайтын КДП-3000 агрегатын алды. Келесі жылы «Мол Даму» кооперативі ДОН маркалы комбайнын алуды жоспарлап отыр.
Аудандағы басқа да шаруа қожалықтар тарапынан сүрлемдік жүгері дақылы егілді. Барлық егілген егіс көлемі 750 гектарды құрап отыр. Нәтижесінде аудан көлемінде 11 000 тонна сүрлемдік жүгері дайындалды. Алдағы жылы да мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар осы игі істі қолға алмақ.