Биыл Мойынқұм ауданында 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген

0 0

Мойынқұм ауданында биыл «Ауыл ел бесігі» жобасының аясында 18 көше орташа жөндеуден өткен. Оған 482,2 млн. теңге қаржы бөлініп игерілді, — , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оның ішінде жергілікті бюджеттен 115,6 млн. теңге, «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 366,6 млн. теңге қаржы қаралған.

Ал ел егемендігінің 30 жылында Бірлік-Ұланбел, Бірлік-Бурылбайтал автожолдары күрделі жөндеуден өткізілді. Барлық ауылдарға кіретін кіреберіс жолдары асфальтталды. Үстіміздегі жылы Бірлік ауылында 10 көше, Биназарда 3 көше, Мыңаралда 2 көше, Қылышбайда 3 көше, Қарабөгетте 2 көшеге, жалпы аудан бойынша 20 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.