Тамшылатып суару, суды үнемдеудің ең тиімді жолы

0 37

Биылғы жылы Жуалыда су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша, 15 шаруашылық 22 дана барабанды жаңбырлатып суғару қондырғыларын алу үшін СПК Таразға құжаттарын өткізіп, комиссияда қаралды. Алдын ала төленетін 10 пайыз қаржысы 15 қондырғыға шаруалар тарапынан төленді, 11шаруашылық алды, 4 шаруашылық қондырғылардың келуін күтіп отыр , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бұдан басқа «Гамбург» ЖШС-гі 250 гектарға жаңбырлатып суғару қондырғыларын алу үшін қаражат қарастыруда. Қажетті сомма 300 млн. тг.

Шағын су тоғанын өз күштерімен жасап, дақылдарды суғарған «Ғабит» ш/қ, 1 дана барабанды суғару қондырғыларын алып, 20 га жоңышқа дақылын суғарды. Шаруашылық аудандағы эксковатормен 3 жерден шағын тоғандар жасады.

Қарасаз а/округінде «Тұран» ш/қожалығы және 10 шаруашылық бірігіп, аудандағы эксковатормен Шақпақ өзенінен канал тартып, алдағы уақытта 100 гектардай жерді келесі жылы суғаруға дайындық жасауда. Дақылдар жоңышқа, эспарцет, картоп, бидай.

Ақтөбе а/округінде округті аралау барысында 12 бастау сулары анықталды.Шалабай су тоғаны жасалса 60-70 га көлемінде, Қожағұл су тоғаны бойында 40-50 га, № 3 карас тоғаны бойында 30-40 га, Ферма тоғаны бойында 50-60 га, Мырзабай, Ақбастау каналдары бойында да шағын су тоғандары жасалса 20-30 га көлемінде дақылдарды суғаруға болады. Алдағы уақытта эксковатор арқылы бұл жұмыстар да атқарылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.