Мойынқұм ауданында тұрғын үй алу кезегіне 103 азамат тіркелген. 2020 жылы 4 қабатты жатақхананың 1-ші және 2-ші қабаттары ағымдағы жөндеуден өтіп 11 отбасына берілген. Аталған ғимараттың 3-ші және 4-ші қабатына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 51,5 млн. теңгеге ЖСҚ дайындалып, 2022 жылға жоспарланып отыр,- , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Биылғы жылы Мойынқұм ауылында 2 пәтерлі 4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл үйлерге тұрғын үй кезегіндегі әлеуметтік аз қамтылған 8 отбасы қоныстанды.
Келесі жылы қосымша 4 тұрғын үйдің құрылысын салуға жоба дайын. Жоба құны 166,6 млн. теңге. “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында қаржыландыруға облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.