Жуалыда тарихи сағат өтті

0 7

Жуалы ауданында орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында Көлбастау ауылдық кітапханасында «Елім, жерім деген Елбасым» атты тарихи сағат өтті. Шараның мақсаты — оқырмандарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы мен еңбектері туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі тұта отырып, Отанын, халқын сүюге, шынайы патриот болуға тәрбиелеу, Елбасына құрмет сезімін қалыптастыру, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тарихи сағатта №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 3-7 сынып оқушылары А.Нәлік, А.Спандияр, Е.Ботабек, М.Нұрболат, Р.Рахымбай, А.Нұрхан, О.Тельман, Д.Жахангерім, К.Жалғасбай, М.Сағындық, Т.Серікқызы, М.Беркімбай, Б.Болатқызы, Н.Сәбит қазақ ақын-жазушыларының «Елбасына», «Елім, жерім», «Ұлтым елім», «Жан шуағы» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Кеш соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне арналған «Балалық шағымның аспаны» атты бейнефильмнен үзінді көрсетілді. Көлбастау ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Мырзақұлова «Елім, жерім деген Елбасым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.