Мойынқұм ауданы Тәуелсіздіктің 30 жылында толайым табыстарға қол жеткізді

0 6

Мойынқұм ауданы Тәуелсіздіктің 30 жылында толайым табыстарға қол жеткізді. Әлеуметтік-экономикалық ахуалы түзеліп, дамуда оң динамика сақталды. Әлеуметтік салада 4 мектеп, 9 балабақша, 20 медициналық нысан пайдалануға берілуі осының айғағы,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған жылдар аралығында 22-ден астам әлеуметтік нысан күрделі жөндеуден өткізілді. 17 елді-мекен ауыз сумен қамтылды. Қанағаттанарлық деңгейдегі жолдардың үлесі 70 пайызға жетті, жұмыссыздық деңгейі статистика органдарының мәліметі бойынша 6,8 пайызға төмендеді.

Барлық медициналық орындардың жедел-жәрдем көліктері жаңартылып, профилактикалық тексеруден өткізу үшін соңғы үлгідегі медициналық аппараттар алынды.

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында алтын-күміс өнімдерін өңдеумен айналысатын “Алтыналмас” АҚ, цемент өндіретін “Жамбыл цемент өндірістік компаниясы” ЖШС, гранит өндіретін “Альбасар”, “Оргстрой” ЖШС-і жобалары іске асырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.