Тәуелсіздік күніне орай спорттық жарыстар ұйымдастырылды

0 53

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жуалы ауданында спорттық шаралар ұйымдастырылды. Жарыс спорттың төрт түрінен өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Олар, қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тарту және қошқар көтеру. Шараны аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының» директоры Жандос Баетов ашып, құттықтау сөз сөйледі. Арқан тартудан жарыс командалық және олимпиадалық жүйеде өтті. Яғни, жеңіліс тапқан команда жарыс жолынан шығып отырды.

Арқан тартуға 9 команда қатысып, тартысты бәсекеде бірінші орынды «Күреңбел ауылдық округі» командасы иеленді. Ал, екінші орынды «Б.Момышұлы ауылы» командасы жеңіп алса, үшінші орын «Ақсай ауылдық округі» командасына бұйырды. Қол күресінен жасөспірімдер арасында I орынды Нұралхан Әмірхан, II орынды ҚасымЖомарт Тұрарбек, III орынды Шерхан Кәдірше жеңіп алды. Дәл осы ойыннан ересектер арасында I орынды Бақытжан Сәрсенбекұлы, II орынды Фархат Лес, III орынды Данияр Бекешов иеленді. Гір тасын көтеруден жасөспірімдер арасында I орынды Аман Диас, II орынды Әмірхан Нұралхан, III орынды Жарас Қуанышбекұлы жеңіп алды.

Ал ересектер арасында I орынды Асхат Артықов, II орынды Бекұлан Абдрашев, III орынды Әуесхан Әбдімомынов иеленді. Қошқар көтеруден жарысқа салмағы 60 келіден асатын қошқар тігілген болатын. Сайысқа 15 спортшы қатысты. Сайыс ережесі бойынша қошқарды иыққа салған азамат бір орында отырып-тұрып мойындағы жүгін барынша көбірек көтеру керек.

Қошқар сол жеңімпаздың жетегінде кетеді. Жарыс нәтижесі бойынша Қарасаз ауылынан келген Жеңіс Қалдыбек қошқарды 120 рет көтеріп, жарыс жеңімпазы атанды.

Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздарға диплом, медаль және жарыстың демеушісі болған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Әлімбек Жұмабаевтың атынан қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.