Биыл Мойынқұм ауданында 2161 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылған

0 0

2021 жылы 1981 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартуға кешенді жоспар берілсе, есепті кезеңде 2161 адам тартылды немесе 109,1%-ға орындалған,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Әлеуметтік жұмыс орнына 154 адамға, жастар практикасына 101 адамға, ақылы қоғамдық жұмысқа 815 адамға жолдама берілді.

Тұрақты жұмыстың жоспары 650 адам болса, орындалғаны 845 адам немесе 130,0%-ға орындалды.

Жыл басынан 99 отбасыға (548 адам) 22,9 млн. теңге көлемінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Кепілдендірілген атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы 110 балаға 6,3 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,5%.

Leave A Reply

Your email address will not be published.