Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: тиісті тергеуді қамтамасыз ету және өтініш берушілерді қайтадан виктимдеуге жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зорлық-зомбылық қолданғаны туралы шағымдар бойынша тексерулер нәтижелерін апта сайын жариялап отыру. Бас прокуратурамен осындай келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
«Қылмыстық істердің бірі менің атыма келіп түскен өтініштер негізінде қозғалды. Қазіргі уақытта 13 қызметкерге қатысты тергеу жүргізілуде», — деп атап өтті Әзімова.
Анықтама: 25 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР БП ақпараттық хабарламасы: «11 шағым бойынша прокурорлардың өздері билік пен лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, 10 қылмыстық істі прокуратураның нұсқауы бойынша қылмыстық қудалау органдары тіркеді. Бүгінгі күні өндірісте 21 іс бар, оның ішінде 20 — ын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері және біреуі — арнайы прокурорлар тергеуде. 43 шағым бойынша тексеру жүргізілуде, 22 — сі расталмады».