Видео aqparat.kz әлеуметтік-ақпараттық параөшасында жарияланды. Онда жас ананың баласын ұстап отырғаны көрінеді. Ал, үлкен әйел «бісміллә» айтып, баланың басына колбаса қойып, кейіннен пышақпен әр жерінен кесіп шығады. «Тең бе? Тең, тең», «Ем болсын» деген сөздер естіледі. Ал, желі қолданушылары бұл көріністі сынап жатыр.
«Ата-бабамыз колбаса қолданып па?», «мынау не ырым тағы?», «артынан басына жұмыртқа жарсаңдаршы, тупизм» деп жазды олар. Ал кейбірі мұндай ырымның қазақта бар екенін, бірақ колбаса емес, әсіп, шыж-мыж деп аталатын тағам түрі қолданылатынын жазуда. Оны бұрын баланың шүйде шашы сирек өскенде жасайтын болған дейді оқырмандар.