ҚАЖ депрартаментіне қарасты түзеу мекемелерінде атқарылған жұмыстар қорытындыланды

0 47

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ депрартаментіне қарасты түзеу мекемелерінде сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік –психологиялық бөлімі қызметкерлерінің 2022 жылғы 1-ші тоқсанда атқарылған жұмыстары қорытындыланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

 Жиында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Б.Б. Ескеев төрағалық етті. Кездесуде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД САТжӘП жұмыс тобының бас маманы, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1,2,4,5,7 мекемелері бастықтарының орынбасарлары, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД  ЖД-158/1,2,4,5,7 мекемелерінің САТжӘПЖ бһлімдерінің бастықтары,мекеме психологтары, ЕТҚЕ инспекторлары, сотталғандарды теологиялық оңалту жұмыстарына жауапты қызметкерлер қатысты.

Күн тәртібінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық бөлімі қызметкерлерінің ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанындағы атқарған жұмыстары қорытындыланды. Сондай-ақ, 2022 жылдың 9-25 сәуір аралығындағы ЖД-158/1,5 мекемелерінің тәрбие жұмысын ұйымдастыру жағдайына инспекторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы айтылды.  ҚАЖД САТжӘПЖ тобының бас маманы әділет майоры А. Танашева атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешім шығарылды. Атап айтқанда, сотталғандарға құқықтық көмек көрсету, оларды қайта тәрбиелеу және мерзімінен бұрын босатуға дайындау мақсатында қоғам өкілдерінен тұратын «Волонтер» пилоттық жобасын дайындау және жүзеге асыру;

Мекеменің ішкі аумағында теологиялық оңалту жұмысына жауапты қызметкерлерге сотталғандармен теологиялық тұрғыда сауаттандыру жұмысын жақсарту мақсатында жеке бөлмелерді қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтау;

Инспекторлық тексерумен орын алатын кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар қабылдау сынды міндеттемелер жүктелді.

Ал түзеу мекемелерінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларына да сотталғандардың діни сауаттылығын арттыру мақсатындағы іс-шараларды қабылдау міндеттелді. Бұл ретте Дін істері басқармасының өкілдерін тарта отырып, диструктивті діни ағымдардың қателігін көрсететін арнайы материалдар айындау ұсынылды.  Жиында мұнан өзге сотталғандарға қатысты марапаттау және жазалау шараларын қолдану кезінде заңдылықтың қатаң сақталуын қадағалау жүктелді.

Түзеу мекемелерінің САТжӘПЖ бөлімінің бастықтарына да тиісті тапсырмалар жүктелді. Мәселен, олар сотталғандар арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алу мақсатында, кешенді іс-шараларды атқаруы тиіс. Бұл жұмыстарға жасақ тәрбиешілер кеңесінің мүшелері, мекеме психологтары, ҮЕҰ, Қоғамдық бақылау комиссиясы мүшелері мен сотталғандардың туыстарын тарту қажеттігі айтылды. Мекеменің ішкі тәртіп ережелерін қатаң бұзғаны үшін теріс мінез-құлықты және қайта қасақана тәртіп бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты қауіпсіздігі толық мекемеге ауыстыру жұмыстары өз жалғасын таппақ.  Мұнан өзге, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс қызметінің имиджін көтеру мақсатында, сотталғандармен жүргізілген барлық мәдени іс-шаралар БАҚ жариялануы керек, десті жауаптылар.  Жиын қорытындысында қатысушыларға осы және өзге де сан алуан нақты  міндеттемелер жүктелді. Барлық мекемелерде «Қақпа алдында кездесу»  әлеуметтік жобасы іске асырылмақ. Сондай-ақ, пенитенциарлық пробацияға жататын сотталғандармен әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстары жандандырылады. Жауаптылар мұнан өзге әр сотталған азаматқа әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламасы пробация қызметімен бірлесе әзірлеуге міндеттелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.