Домофонға ай сайын ақша төлеу — заңсыз.

0 986

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілі айтты. Оның айтуынша, домофонды орнатудың кондиционер орнатудан еш айырмашылығы жоқ. Сондықтан, оның қызметіне ай сайын ақы төлеу дұрыс емес.   Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бұл халықты адастыру екенін айтып отыр.
«Компания домофонды орнатқаннан кейін тұтынушымен қатынас тоқтатылуы керек. Егер домофон бұзылып қалса, немесе басқа да ақау шықса тұтынушы қызмет көрсететін ұйымдарды жалдап, нақты жасалған жұмыс үшін ғана ақы төлеуі керек», — деп түсіндірді Маңғыстау облысы бойынша АДМК бөлімінің маманы Мөлдір Сариева.
Кейбір домофон компаниялары адамдар ай сайынғы төлемді төлеуден бас тартса, домофондарды ажыратып тастайды. Бұл келісім-шартта домофонның иесі ретінде домофон компаниясы көрсетілген болса ғана заңды. Домофонды тұрғындар сатып алса, оны ажыратуға ешкімнің құқығы жоқ.
Заңгер Ғабит Өмірбек домофон бизнесін «жемқорлық» деп атады.
«КСК-шниктері домофонды орнатушылармен келіссөздер жүргізеді, соның арқасында олар жақсы ақша табады. Бұл заңсыз», — дейді сарапшы.
«Тұрғындар сотқа жүгініп, монополияға қарсы қызметтің шешімі негізінде азаматтық іс жүргізу тәртібімен ақшасын өндіріп ала алады», — деп атап өтті заңгер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.