Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД – 158/4 мекемесінде ағымдағы жылдың 10 – шы маусымында ЖД – 158/4 мекемесі САТжӘПЖ бөлімі теологының ұйымдастыруымен «Сотталғандар арасында ислам тарихы, Құран оқу және өзіміздің салт дәстүрді түсіндіру» бойынша білімін тексеру үшін викториналық сұрақ жауап іс-шарасы өтті.
Бекітілген тақырып бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЖД-158/4 мекемесінде келісім-шарт бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің САТжӘПЖ тобының бас маманы әділет подполковнигі Айгүл Танашева, ЖД-158/4 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімінің инспектор-теологы әділет аға лейтенанты Садуақас Тоқсанбаев, сонымен қатар бірлесе жұмыс жасау мақсатында шақырылған Дін істер басқармасының теологы Қуат Жарас, «Ақниет» ақпаратттық насихаттау және оңалту орталығының өкілі Сержан Құлтаев, ҚМДБ ұстазы Ақжігіт Жарбол, сонымен қатар жоғары оқу орындары ұстаздарымен бірлескен жоспар бойынша сотталғандар арасында ислам тарихы, құран оқу және өзіміздің салт — дәстүр бойынша білімін тексеру үшін викториналық сұрақ жауап іс-шарасы жүргізілді. Аталған іс-шараға сотталғандар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҚАЖ Департаментінің ЖД -158/4 мекемесінің САТжӘПЖ бөлімінің
инспектор- теологы
әділет аға лейтенанты
Садуақас Тоқсанбаев