Мойынқұм ауданындағы білім нысандары жөнделеді-Нұржан Нұржігітов

0 17

Мойынқұм ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Ұланбел ауылдық округіндегі М.Әуезов атындағы орта мектепте болды. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

400 орындық мектеп ғимараты 1966 жылы пайдалануға берілген. Осыған дейін бір де бір рет күрделі жөндеуден өтпеген мектептің тозығы жеткен.

200-ге жуық бала оқитын білім ошағында қазір 35 ұстаз еңбек етуде. Жыл сайын бала санының өсіп келе жатқанын ескерген облыс әкімі күрделі жөндеу жұмыстарын жедел жүргізудің маңыздылығына назар аударып, келер жылы жұмысқа кірісу жөнінде жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамадан өткен.
Қарабөгет ауылдық округіндегі А. Байтұрсынов атындағы орта мектепке арнайы ат басын бұрған Нұржан Нұржігітов ондағы сынып бөлмелерінің, қазандықтың жай-күйі мен педагогтардың қызметтік жағдайынан хабардар болды.

Оқу ордасында спорт залының жоқтығын алға тартқан мектеп басшылығының өтініші қарастырылатынын жеткізді. Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебіне барған Нұржан Нұржігітов 1200 орынды білім ордасының бүгінгі жағдайынан хабардар болды. 1975 жылы іргесі қаланған мектеп ғимараты әлі күнге дейін ешқандай күрделі жөндеу көрмеген. Бұған дейін жобалық-сметалық құжаттары әзірленгенімен, қолдау таппаған. Аймақ басшысы қазіргі таңда 600-ден аса оқушы білім алып жатқан оқу мекемесінің бұл мәселесі қарастырылатын атап өтті.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.