Мерекедегі спорттық сайыс

0 28

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінде «Астана күні» мерекесіне орай сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар өтті.

Мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қатысушыларды бүгінгі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Ал жарысқа қатысуға ниет білдірген спортсүйер азаматтарға  сәттілік тіледі. Спорт алаңында жазасын өтеушілер арасында  футболдан турнир ұйымдастырылып, әр жасақтың командалары ойынның көрігін қыздырды. Сонымен бірге сотталғандар үстел теннисі, дойбы ойындарында да өздерінің осал еместіктерін көрсетті. Сайыста кім мықтыдан кіл мықтылары анықталып, мерекелік іс-шараға белсене қатысқандар мен жүлделі орындарға ие болған сотталғандар марапатқа ие болды.

Айта кетсек, ЖД-158/4 мекемесінде мұндай жарыстар мен өзге де іс-шаралар әр атаулы күндер мен мерекелерде жоспарға сай тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады. Мұндағы мақсат – сотталғандарды өмірге бейімдеу, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру дейді басшылық құрам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.