Құрбан айттағы қайырымдылық

0 38

Иісі мұсылман қауымның ізгілікті мерекесінің бірі –  Құрбан айт биыл шілде айының 9-шы жұлдызына белгіленді. Үш күн бойы жер-жерде құрбандық шалынып, ізгі амалдар жасалуда. Құрбан сөзі араб тілінде «жақындау» деген ұғымды білдіреді. Яғни бұл мерекеде Алланың разылығын алғысы келген жан ізгі амалдар жасап, құрбандық шалып, жетім-жесір мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыға қуаныш сыйлап, көңіл-күйлерін көтереді. Бұл ізгілікті істен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесі де шет қалған жоқ. Мекеме бастығы, әділет полковнигі Ерлан Тоқановтың және  түзеу мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Қайнар Рахманбердиевтің  бастамасымен құрбан шалынып, ол тұрмысы төмен отбасыларына таратылып берілді. Ұжым қызметкерлері үш отбасына арнайы барып, құрбандық етімен бірге азық-түлік өнімдерін де жеткізіп берді.

Құрбан айт мерекесі тек діни мейрам ғана емес, ол адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түсетін күн.

Leave A Reply

Your email address will not be published.