Жамбылда сенген қойшысы қойын сатып жіберген

0 5

Ағымдағы  жылдың 15 тамызында Меркі аудандық полиция бөліміне осы ауданның 39 жастағы тұрғыны қойшысының сеніп тапсырылған 47 бас малын сатып жібергені туралы арызданған. Жалпы шығын көлемі 2 820 000 теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Меркі ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Малшы жеке басына қаржы қажеттілігіне байланысты сатып жібергендігін айтты.

Күдікті кінәсін толық мойындады.Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 2-тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Құрметті облыс тұрғындары!

Жамбыл облысының Полиция департаменті малды арнайы бөлінген орындарда және үнемі бақылауда ұстау қажеттігін тағы да ескертеді. Оларды бағуға келісімшарт арқылы малшы жалдау керек. Себебі, көп жағдайда үй жануарларын қараусыз жайылымдардан ұрлайды. Олардың иелері бақылаусыз қалдырып, кейде малдың жоғалғаны туралы кеш біледі. Ал полиция қызметкерлері үшін мұндай қылмыстарды ізін суытпай ашу маңызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.