«Тараз» ӘКК жеке кәсіпкерлік субъектілерге артықшылық көрсетіп келген

0 24

«ANTIKOR ORTALYGY» сервис орталығында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген тақырыптық талдаудың қорытындылары қаралды.

Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіні Превенция басқармасының басшысы Даурен Омаровтың баяндамасы тыңдалды.

Жүргізілген талдау барысында кәсіпкерлік субъектілеріне артықшылық көрсету, жер телімдерін заңсыз беру, алдын ала тиімсіз инвестициялық жобаларды қаржыландыру, микроқаржы ұйымдарының қаражатын бөлінуіне бақылаудың жоқтығымен байланысты елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды, бұл көптеген бұзушылықтар, сондай-ақ, тұрақтандыру қорының қызметін ұйымдастырудағы жүйелі проблемалар және т.б анықталды.

«2020 жылы облыс әкімінің тапсырмасы бойынша «Тараз» ӘКК «Әлеуметтік павильондар» ЖШС-мен (тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақты жеткізушісі болып табылады)«Азық-түлік өнімдерін сатуға арналған 11 әлеуметтік сауда павильондарын орнату» жобасы бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу туралы келісім-шартты тендер өткізбей, интернет-ресурстарда және бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру орналастырмай, осының салдарынан басқа кәсіпкерлерді хабардар етпей, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған. Кейіннен «Тараз» ӘКК ұсынылған сметаның негізінде ешқандай тексерусіз 100 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын аударады. Аталған факті бойынша материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», — деп атап өтті Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметтің өкілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.