- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Өтінімді толтырып оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қою.
- Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (қажетті құжаттар):
- Жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке басын сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат.
- Зейнеткерлер — зейнеақы куәлігі.
- Мүгедектігі бар адам — зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді.
- Бала кезінен мүгедектігі бар баланың заңды өкілдері, сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да оларды алмастыратын адамдар (заңды өкілдер), сот шешімі немесе қамқоршылық, қорғаншылық растайтын өзге де құжат.
- Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген, колонияларда өтеп жүрген сотталғандар (өтеу орны бойынша) – өңірлердің «Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «БХТ» АЖ-ға халықты МСАК-ға бекітуді (бекітуді) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы.
- Мерзімді қызмет әскери қызметшілері – мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді жеке құрам тізіміне қабылдау туралы әскери бөлім командирінің (мекеме бастығының) бұйрығынан үзінді көшірме.
- Студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай-ақ медреседе оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) — жоғары оқу орны ректорының МСАК-дегі ресми өтініші және оқу орны мен МСАК арасындағы комиссияның хаттамасы.
- Шет мемлекеттерде туған балалар – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат.
- Сәбилер, жетімдер, қарттар үйлерінің және басқалары — қамқорлыққа алынған тұлғалар — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі
- Бекітуді сенімхат бойынша, оның ішінде шарт болған кезде ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша ресімдейтіндер.
Егер қызмет көрсетудің регламенттік мерзімі асып етсе, тіркелуге сұраныс жіберілген медициналық ұйымға жүгініңіз.
МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арұылы жүгінген кезде — 1 жұмыс күні