Жамбыл облысында «Қазақстан бірлік пен татулық мекені!» атты мерекелік іс-шара өтті

0 10

Этностар арасында достық, ынтымақтастық, бірлікті нығайту, насихаттау мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ мекемесі «Қазақстан бірлік пен татулық мекені!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Концерт шымылдығын «Үкілім-ай» би ансамблі «Қазақ биімен» ашты. Ал қаламыздың жас әншісі — Нұртілеу Нұрланұлы «Батырлар ұраны» атты әнін шырқаса, Жамбыл облыстық «Радонеж» орыстар қоғамдық бірлестігі мүшесі – Антонина Беляева «Черемуха» әнін дүйім жұртқа арнады.

Сондай-ақ, «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының мүшесі — Мадина Бекмурзаева «Қазақ вальсінің каролі» — Шәмші Қалдаяқовтың «Сыған серенадасы», Бекзат Жамақұл «Дүнген қызы» әндерін жиналған қала тұрғындарының назарына ұсынды.

Кеш соңында «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жас мүшесі — Айхан Фейзев достық пен бірліктің символына айналған «Алға Қазақстан» әнімен аяқтады.

Айта кетейік,  Жамбыл облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділер қонақтар арасында ауыз бекіткен жамағатқа су және құрма таратып берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.