165 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді

0 12
Қасиетті Рамазан айында Жамбыл ауданында   ауыл имамдары кәсіпкерлердің демеушілігімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 165 отбасыға көмек көрсетті. Сондай ақ  олардың көмегімен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері үлестірілді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Бұл ретте, Жамбыл  аудандық «Бәйдібек» мешіті көптеген игілікті істерге ұйытқы болып отыр. Ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы қайырымды істердің басы-қасында жүр. Оның айтуынша, Рамазан айы басталғалы бері, аудан көлемінде күнделікті қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда.
Ай бойы қайырымдылық жасап, көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қайырымды іске үлесін қосқан арда азаматтарға ел-жұрт та риза.
Айта кетейік, аудандық «Бәйдібек» мешіті пітір садақадан жиналған қаражатқа 20 отбасыға қайырымдылық жасады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.