Сарысу ауданынындағы кешенге директор болып Серік  Сыздықов тағайындалды

0 9
Сарысу ауданынындағы іргелі кәсіпорын «Қазфосфат» ЖШС-нің «Қаратау» тау – кен өңдеу кешенінің директоры болып 2 жыл қызмет атқарған Макишев Марғұлан Мүсәлімұлының басқа қызметке ауысуына байланысты кешенге директор болып Серік  Сыздықов Оразұлы тағайындалды.
Кешен қызметкерлерінің қатысумен өткен жиында Марғұлан Макишевтің 2 жыл ішінде атқарған жұмыстарына ұжым тарапынан алғыс айтылып, арнайы Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.
Ұжымдастары Марғұлан Макишевтің және жаңадан тағайындалған директор Сыздықов Серік Оразұлының алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.