Алғысым шексіз, ақ халатты абзал жан!

0 124

Алғысым шексіз, ақ халатты абзал жан!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы атаулы күні адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді. Гиппократ антына адал, басы ауырып балтыры сыздаған жандарға көмекшілердің қатарында   «Almaz Medical Group» медициналық орталығының мамандары  психолог  Жанар Кеншинбекова мен  терапевт Жадыра Сахова  да бар. Алдына келгенді жылы жүзімен қарсы алып, дертіне шипа сыйлап жүрген жандарға осынау мереке күні алғыс білдіргіміз келеді.

Өз басым  терепевт Жадыра Сахованың қабылдауында  қаралып жүргеніме   5 жыл болыпты.  Өзінің қарапайымдылығымен,  біліктілігімен, көркем мінезімен  ауруды тексеріп қана қоймай жылы сөзімен емдеп нағыз маман екенін көрсете білді.  Кәсіби біліктілігінің арқасында биік асулардан көрініп, 16 жыл бойы медицина саласында жүр.

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандық болса, соның бірі – медицина қызметкері. 

Бұл күн қашанда асқан шеберліктің иесі — ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Мың алғыс саған, дәрігер,-дейді … оқырманымыз.

Давлеткулова Фатима Мейірханқызы,

зейнеткер

Leave A Reply

Your email address will not be published.