А.ж. 23 маусымда Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызметшілер күніне» орай басқарма мен Дін проблемаларын зерттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Мереке қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің тапсырмасы бойынша ұлын жақсы тәрбиелегені үшін, сондай-ақ жұмысындағы жетістіктері үшін басшылықпен басқарманың бас маманы Самғат Мұтановтың анасы Н.Маханбетоваға облыс әкімі Н.Нұржігітовтың алғыс хаты табысталды.
Өз кезегінде Н.Маханбетова ұлының қызметіне осындай жоғары баға бергені үшін алғыс айтып, басқарма басшылығы мен қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, кәсіби мереке қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Л.Илебаевтың басқарманың бөлім басшысы С.Байбатшаеваға, бас мамандар А.Карибаева мен С.Мұтановқа қызметтеріндегі жетістіктері үшін алғыс хаттары табыс етілді.