Білікті басшы, бірлігі жарасқан мекеме!

0 156

Түзеу мекемесі — темірдей тәртіпті талап етеді. Мекемеде жазасын өтеп жатқан қаншама сотталған азаматтар бар. Сондықтан жұмыс кезінде салғыртыққа жол жоқ. Жеделдік пен тиянақтылықты қажет ететін жұмысқа мекеме қызметкерлері мен қатар әскери бөлім қызметкерлері де үйреніп қалған. Бұл сала екі есе жауапкершілікті талап етеді. Бугінде Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірге тығыз жұмыс жасайды. Атап айтқанда, режим бөлімі мен 5513 әскери қызметкерлері тыйым салынған заттарды анықтау, алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстар атқарылуда. Тәртібі қатал мекемеде тәжірибесі мол қызметкерлер жұмыс істеп келеді. Білікті басшы, іскер орынбасарлары бар мекеме ұжымында таңның атысы, күннің батысы қызу жұмысқа кірісетін қызметкерлердің жауапкершілігі мен тындырымдылығы байқалады. Жоспарға сай және жоспардан тыс тынту іс-шаралары өз кезегінде улкен көрсеткіштер көрсетуде. Осыған орай бугін ауызбіршілігі мен татулығы жарасып, адал қызмет етіп, қол жеткізген жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының «Республика күнін» мерекелеуге орай, сондай-ақ 2023жылдың 3-ші тоқсан қорытындысы бойынша Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесі бастығы әділет полковнигі Руслан Уразметовтың бұйрығымен 5513 әскери бөлімінің қызметкерлері грамотамен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.