Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде діни экстремизм және терроризм баптарымен сотталған азаматтарға дұрыс діни бағыт көрсету үшін Нур-Мубарак Египет Ислам Мәдениеті университетінің оқытушысы PhD докторы Адилбаев Алау Шайкимұлы кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Дінде зорлық жоқ» деген тақырыпты түсіндіріп, көптеген сұрақтарға жауап берді.
Ислам дініне терроризм мен экстремизм идеологиясы жат көзқарас екендігін түсіндіріп, сотталған азаматтардың діни көзқарастарын оңалтуына үлкен үлес қосты.