2024 жылы Үшарал ауылы ауыз сумен қамтылады

0 6

Талас ауданына қарасты Үшарал ауылы 2024 жылы таза ауыз сумен қамтылады. Қазір сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жобасы бойынша 222,2 млн.теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталды. Аталған жобаны «Тараз құрылыс дизайн» ЖШС-і атқаруда. Жоба 2024 жылы аяқталмақшы,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

(Жалпы Талас ауданында қазіргі танда 23 елді мекенің 16-сы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Орталықтандырылған ауыз суға қосылмаған Қайыр, Ақтөбе, Арал елді-мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін мембрандық қондырғы орнатуға және Тұрымқұл, Қожағаппар, Қараой, Сейілбек елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 30 млн. теңге бөлініп, қосымша ағымдағы жылға 5,0 млн.теңге бөлініп, жобалық сметалық құжаттамаларды әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Одан бөлек Қаратау қаласы Флора саяжай алабын сумен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп, құны 870,4 млн.теңгеге Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.