Мойынқұмда «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті

0 27

Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен орталық кітапхана залында «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияның мақсаты болашақ ұрпаққа ұлттық тәрбие жайлы ой қозғап, санаға сіңіруге, септігін тигізу.

Конференция Мойынқұм аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры, «Аналар» кеңесінің төрайымы Шубаева Ғалия Бейсебайқызының модераторлығымен өтті. Аудан орталығындағы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары, жас ұстаздар мен белсенді жастардың қатысуымен өткен шараға сөз жарысқа шыққан аудандық орталық мешіттің бас имамы Р. Еспенбетов «Дін және салт дәстүр тақырыбын ашып айтса, Бірлік ауылдық аналар кеңесінің төрайымы, Билер кеңесінің мүшесі, ауданның «Құрметті азаматы» Р.Жетібаева «Отбасы-тәрбие бастауы» тақырыбында әңгіме қозғады. Ал Жамбыл облысы білім басқармасы Мойынқұм ауданы білім бөлімінің педагогикалық психологиялық түзету кабинетінің психологы М.Жылқыбаева-Ой қозғау мақсатында психологиялық тренингтер жүргізді. Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы М. Күнту қазіргі жастардың проблемалары жайлы және болашақ білімді жастардың қолында ғана екенін жеткізді. Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Тулеулиев конференцияны қорытындылап, осындай тәрбиелік мәні зор іс шаралардың ұлт тәрбиесіне қосар үлесі орасан зор екенін айта келіп жастарға жарқын болашақ тіледі.
Аталған шараға аудандық ақсақалдар алқасы мүшелері мен аналар алқасы мүшелері сондай ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.