Осыдан 20 жыл бұрын «Амангелді» газ конденсаты кен орнының тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану үрдісінің тұсаукесері өткізілген болатын. Сөйтіп, 2003 жылдың қазан айында жаңа кен орнын өнеркәсіптік негізде пайдалану жұмысы басталды. Амангелді жобасы еліміздегі газ кеніштерінің ішіндегі бірегей жоба болып табылады. Аталған кен орны тәуелсіздік жылдарында іске асырылған сәтті газ жобаларының бірі саналады. Айтулы күнге орай кен орнын игеруге және компанияның қалыптасуына зор үлес қосқан газ саласының қазіргі қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды. «Амангелді» газ кен орнының ашылғанына биыл тура 20 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде қол жеткен жетістіктер аз емес. Жыл сайын 350 миллион текше метр газ өндіріледі. Өндірістік, технологиялық процестер толығымен автоматтандырылған.
— Амангелді кен орнының жалпы бар газы ол 39 миллиард текше метр. Ол шамамен 40-50 жылға жетеді. Амангелді кен орнының газы өте таза, күкірті жоқ, ішінде гелий бар,-дейді»QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейірбек Ихсанов.
Мерейтойға арналған салтанатты кеш Амангелді кен орнында және Тараз қаласында ұйымдастырылуда.
Серікбек Дәукей – кен орнының тарихымен жақсы таныс. Ол сонау 1970 жылдары геофизик ретінде 10 жылдан астам уақыт бойы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Тәжірибелі маман ол кездерді былай деп еске алады Серікбек Дәукей, тау-кен инженері, геофизик: — Өте қиын жұмыс істеуге осы жерде, қиын методика болды, сейсморазведка дейді. Онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізіп, біз бір методиканы аштық. Қалай жасайтынын, қалай зерттейтінін. Өте қымбат. Былтыр «Амангелді Газ» атауы «Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС болып өзгерді. Компания табиғи газдың ресурстық базасын ұлғайту жұмыстарын қолға алған. Жыл соңына дейін Анабай кен орны іске қосылады. Алмас Қуандықов, » QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС бас директоры: — Бұл «Амангелді» кешенді газ тазарту қондырғысына қосылатын және біздің өндірісімізді 40 миллион текше метрге арттыратын жаңа кен орны. Мәселен, 2025 жылы іске қосылатын Бархан кен орнынна тағы 80 миллион текше метр алуды жоспарлап отырмыз. Мерейтойға орай кен орнында газ саласының үздік қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Атап өту керек, «QazaqGaz Барлау және өндіру» кәсіпорны ауданның әлеуметтік ахуалына да көмек беріп жатыр. Биыл Бөлтірік шешен ауылында воркаут алаңының ашылуын қамтамасыз етті.
Жамбыл облысы ауылдарының әлеуметтік инфрақұрылымын салу және абаттандыру жобасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үшжақты серіктестігі (бизнес-әкімдік-ҮЕҰ) аясында жүзеге асырылған.
«QazaqGaz Барлау және өндіру» бас директоры Алмас Қуандықовтың айтуынша, мұндай нысандар осы ауданның тағы да бірнеше ауылында салынады.
«2023 жылы Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орны өзінің 20 жылдығын атап өтуде, атаулы датаға орай «QazaqGaz» Барлау және Өндіру» ЖШС биыл өңірде бірқатар әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асырды. Айта кетерлігі, Жамбыл ауданындағы Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек, Ұланбел ауылдарында әлеуметтік нысандар салынып, биыл пайдалануға берілмек».
Биылғы жылы әлеуметтік нысандарды пайдалануға берумен қатар, компания әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан студенттерге білім гранттарын бөліп, дуальды оқытуды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.