Бүгін «AMANAT» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы Болатбеков сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі жол картасында көрсеткіштердің орындалуы туралы есебін берді.
Аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы «AMANAT» партиясы Жамбыл облысы бойынша 2023-2027 жолдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың жол картасымен белгіленген міндеттердің 10 айында орындалуы туралы тоқталып өтті.
Айта кетсек, сайлауалды бағдарламасының орындалуына жүргізілген талдау нәтижесінде Қордай ауданы бойынша ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысымен 54 іс-шараның ішінде 36 (67%) орындалып, 17-орындалуда (32%) орындалмау қалпы бар -1 (2%).
Фракция мүшелері К.Увалиева, Ә.Омаров, Ж.Кәкетай, Э.Апаев жүргізіліп жатқан құрылыстардың сапасы, ЖСҚ-лар әзірлеу кезінде қажеттіліктер толық қаралуы, Кенен ауылындағы ауыз су, Ауыл ішіндегі люктардың ашық тұруы, Сортобе ауылы ішіндегі бағдаршамдардың істен шығуы және т.б сұраулар қойып аудан әкімі Б.Болатбеков тарапынан нақты жауаптар алды.
Сонымен қатар аудан әкімі Бегзат Сейсенқұлұлы жауапты бөлім басшылармен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
Күн тәртібінде қаралған мәселеге байланысты фракция мүшелері тиісті шешім қабылдады.